Соңғы жылдар ішінде облыста әлеуметтік серіктестік бойынша жақсы тәжірибе жинақталды. Біз облыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігін нығайту, өндіріс тиімділігін арттыру жолында бірге жұмыстар атқардық. Бірлескен істеріміз оңды нәтижелер берді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі алдағы уақытта да өзара сындарлы қарым-қатынасқа және үйлесімді шешімдер іздеуге дайын.
Бүгінгі, әлемдік экономикадағы дағдарыс салдарынан туындаған экономикалық ахуалдың төмендеуі жағдайында, Сіздерді қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау бойынша қосымша міндеттемелер қабылдауға шақырамын.
Негізгі өндірісті қысқарту кезінде, босаған құрамның мүмкіндіктерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге, өндірістік қорларды жаңалауға, кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын абаттандыруға пайдалану қажет деп санаймын.
Кадрларды қысқартпаудан басқа шара болмаған жағдайда, қысқартылатын қызметкерлер үшін кәсіби қайта даярлауды ұйымдастыру мүмкіндіктерін, оларды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдауды қарастырған дұрыс.
Ірі кәсіпорындар 90 жылдардағы тәжірибені ескеріп, қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде толық емес жұмыс күнін пайдалана отырып кадрларды сақтап қалуға тырысады деген сенімдемін. Ол кәсіпорындар жаппай қысқарту жүргізген, нәтижесінде, экономика тұрақталған кезде, білікті кадрлар жетіспеу мәселесі өткір туындаған кезең болды.
Құрметті жұмыс берушілер!
Әлемдік дағдарыстың келеңсіз әсерлері жағдайында атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың бірлесе күш салуы өркениетті еңбек нарығы және әлеуметтік әділеттік, Шығыс Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарының кадрлық әлеуетін сақтау жолында нақты қадамдар жасауға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Ә.С.Бергенев