DataLife Engine > Жастар саясаты > Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының іске асыру туралы 2009 жылдың 1 жарты жылдығына қатысты ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының іске асыру туралы 2009 жылдың 1 жарты жылдығына қатысты ақпарат


1 июля 2009. Разместил: admin
       Есеп кезеңінде Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының іске асыру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жастар саясат туралы» заңына сәйкес жүргізілді.
       2009 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 105 жастар ұйымы тіркелген. Олардың көпшілігі Өскемен – 43, Семей – 23, Риддер – 9, Зырян – 5 қалаларында.
       2009 жылдың 1-ші жарты жылдығында жастар ұйымдарының қатысуымен облыста Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын, салауатты өмір салтын, патриоттықты және толеранттықты насихаттау бағытындағы 100-ден астам іс-шара өтті. Бұлардың қатарында «Менің Қазақстаным», «Мен Қазақстанның патриотпын», «Өз шырағыңды жақ», «Жастар есірткіге қарсы», «Бұл менің әнұраным» атты  жастар акциялары өтті. Әрбір іс-шараға  10 мыңнан 12 мыңға дейінгі жастар өкілдері қатысты, олардың қатарында мемлекеттік емес жастар ұйымдарының өкілдері де болды.
       2009 жылы мамыр айында жастар бастамаларын, жастардың құқықтық білімін қолдау және дамыту, мемлекеттік жастар саясатының  өзекті мәселелерін алға бастыру мақсатында  жастар үшін әлеуметтік қызметтер құрудағы жобалар конкурсы өтті. Конкурсқа өздерінің 20 жобасын ұсынған 16 жастар ұйымы қатысты. Конкурс нәтижесінде, жалпы сомасы 7,5 млн. теңгені құраған жобаларды іске асыратын 4 жастар ұйымы анықталды.
       Экономикалық жағдайдың күрделенуіне байланысты, атқарушы органдардың айрықша назары  студенттер мен оқушы жастарды қорғау және әлеуметтік қолдауға  аударылды.
       2009 жылғы ақпан – наурыз айларында мен оқушы жастарды қорғау және әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша облыс әкімінің қатысуымен Экономикалық кеңес отырысы өтті; дағдарысқа қарсы іс-шаралар жөніндегі комиссия отырысы, тұрақтандыру шаралары аясында екінші деңгейдегі банктер және ЖОО-ның өкілдерімен несие беру шарттары және білім гранттарын беру шарттарын түсіндіру жөніндегі жұмыс кездесуі өтті.
       2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Білім және ғылым министрлігі тарапынан облыстың жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін қосымша 937 грант бөлінді.
       3 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының бірқатар басқармалары  мен ЖОО-ның басшылары арасында студенттерге Өскемен және Семейдегі спорт мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен айналысуға  жеңілдетілген мүмкіндіктер беру мақстатындағы меморандумға қол қойылды.
       Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттерді қолдау мақсатымен облыс әкім жыл сайын гранттар бөледіі. 2009 жылы бұл мақсатқа 161,1 млн. теңге қарастырылған.
       Дағдарысқа қарсы іс-шаралар және 2008-2010 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын  іздеулеріне көмек көрсету үшін Өскемен және Семей қалаларында «Жастарды еңбек нарығына бейімдеу орталықтары», «Жұмыс іздеу клбтары» құрылды. Оқу орындарын бітіретін жастарға арналған, жас мамандардың кәсіби мамандықтарын машықтандыру мақсатындағы «Жастар іс-тәжірибесі» жобасы жасалған.
       2009 жылғы 13 сәуір күні Ішкі саясат басқармасы ЖОО мен арнайы оқу орындарының Жастар істері жөніндегі  комитеттерінің және жастар ұйымдарының, атқарушы органдар өкілдерін қатыстырып мемлекеттік жастар саясатының  өзекті мәселелері  бойынша «дөнгелек үстел» өткізді. Онда ЖОО оқу ақысын төлеу, жазғы маусымда студенттерді жұмыспен қамту, жергілікті жерлерде жастар бағдарламалар іске асыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
       2-4 маусым аралығында Семей қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігі облыс және қала әкімдіктерімен бірге ІІ Республикалық Патриоттар форумын өткізді.
       26 маусым күні Ұлан ауданда Шығыс Қазақстан облысының Жастар Күні болып өтті, оның аясында  «Шығыс Қазақстан облысы жастары арасындағы нашақорлық пен қылмыс мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбына «дөнгелек үстел», секциялық сабақтар мен семина-тренингтер өтті.
       26 маусымда, Есірткіге қарсы күрес күні, Өскемен қаласындағы Республика алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік шоу-бағдарлама, конкурстар мен спорттық іс-шаралар өтті.