www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Информация на сайте » Жастар саясаты » «Зерттеу және талдау: күрделілігі туралы»
«Зерттеу және талдау: күрделілігі туралы»
altБүгінгі жастарымыз – мемлекетіміздің ерекше үміт артқан болашағы. Олар жаңашылдықтың және ел өмірінің әртүрлі салаларындағы топ жарған үздік жобалардың мықты «генераторлары». Дегенмен басымыздан өткен мол тәжірибемізді зерделеп, мұқият талдау жүргізбей жаңа дүниені жасау қиын болар, сондықтан бүгінде еліміздің адами әлеуетін, соның ішінде жастарды дамыту мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Еңбек нарығында жас мамандардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, жастардың шығармашылық және инновациялық әлеуетін дамыту үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуда. Жастар ұйымдарының және жас маманадардың зерттеу-талдау жұмыстарын жүргізуіне үлкен назар аударылуда.

Практика көрсеткеніндей, жас мамандарымыз осы мәселе төңірегінде көптеген қиыншылықтарға тап болады. Зерттеу және талдау саласы ғылыми терминдерге өте бай, мұндай өте күрделі сөздерді барлығына түсінікті қарапайым сөздерге айналдыра аударатын адамдар жоқтың қасы. Практиктер дайындап, жалпыға түсінікті тілмен жазылған әдістемелік құралдардың аздығы, жалпы алғанда зерттеу-талдау жұмыстары бойынша оқытушы - кеңес беруші шаралардың жоқтығы жастар ұйымдары және жас зерттеушілер жүргізген зерттеу-талдау жұмыстарының сапалы орындалмауына алып келіп отыр.

Жас зерттеушілерге зерттеу және талдау толқынында еркін «жүзуге» және зерттеу қызметтерін сапалы ұйымдастыруға көмек беру үшін «ЗУБР» әлеуметтік-корпаративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастарға арналған әлеуметтік қызметті ұйымдастыру бойынша жобасын ШҚО-ның зерттеу-талдау ресурстық орталығы ретінде іске асыруда.

Орталық міндеттері өте қарапайым – зерттеу-талдау саласындағы дарынды жастарға, жастар ұйымдарына зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық пайдалы ақпараттарды жеткізіп отыру. Әлеуметтік ғылымның күрделі тілін қарапайым және жалпыға түсінікті тілге айналдырушы болмақпыз.

Бүгінгі таңда Ресурстық орталық өз жұмысын бастап та кетті. Жас зерттеушілер мен аналитиктерге арналған әдістемелік құралдар әзірленуде, облыстық әлеуметтік сауалнама жүргізілуде, әртүрлі мәселелерді қамтитын ортақ «Зерттеу және талдау жасау: «жас сарбаздар» курсы» тақырыбымен семинарлар, тренингтер, дәрістер өткізу, кеңестер беру жоспарланған.

Енді Сіздердің кеңес алуға, ақпараттық-әдістемелік материалдарды орталықтан алуға және оқыту іс-шараларына жазылу мүмкіндіктеріңіз бар.

Біздің жұмысымыз пайдалы болып табылатын барлық адамдарға есігіміз ашық.

Ресурстық орталықтың байланыс телефондары: 8 (7232) 26-22-20, 57-83-74, zubr@ukg.kz, Шрейбер Евгения – кеңес беруші.


 (голосов: 0)
 
Другие новости по теме:

  • 28.10.2009 Қоғамдық кеңесте аймақ қо&# ...
  • 11.10.2010 Жаңадан бастаудың мүмкіндіктері
  • 2011 жылы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
  • 26.08.2010 Үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі ...
  • 07.04.2010 Тұрғындардың баға және баға ...


  • Добавление комментария
    Ваше Имя:
    Ваш E-Mail:

    Код:
    Включите эту картинку для отображения кода безопасности
    обновить код
    Введите код:


    логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село