www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Информация на сайте » Жастар саясаты » «Жастар-2011» республикалық жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
«Жастар-2011» республикалық жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ

1.3. Жастар сыйлығы 20 негізгі және арнайы номинациялар бойынша тапсырылады:

Негізгі номинациялар:

  1. Жыл жастар ұйымы;
  2. Жас көшбасшы;
  3. Жас саясаткер;
  4. Жас ғалым;
  5. Жас кәсіпкер;
  6. Жас әскери қызметкер;
  7. Жас спортшы;
  8. Жас дарын;
  9. Жас шығармашылық ұжым;
  10. Жас журналист;
  11. Жас мемлекеттік қызметкер.

Арнайы номинациялар:

  1. «Қайсарлығы үшін»;
  2. Жас мұғалім;
  3. Жас дәрігер;
  4. Жылдың жас еріктісі;
  5. Ең үздік «Жасыл ел»/СЖҚЕЖ сарбазы;
  6. Тәуелсіздік құрдасы;
  7. Жас батыр;
  8. Жылдың үздік жастар жобасы;
    1. Жастармен жұмыс жасау жөніндегі үздік мемлекеттік орган.

 

1.4 Әрбір номинация бойынша Жастар сыйлығын тек бір адам ғана иеленеді.

1.5 Жастар сыйлығы тапсырылатын үміткерлер байқау арқылы анықталады. Жастар сыйлығын тапсыру жөніндегі шешім байқаудың Сараптамалық комиссиясымен қабылданады.

 

2. Жастар сыйлығының мақсаты мен міндеті

Жастар сыйлығы кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете алған, ғылым, саясат, өнер және қызметтің басқа да салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен жас азаматтарды, жастар қоғамдық бірлестерін, Қазақстан Республикасының ұжымдарын және басқа да ұйымдарды ынталандыру, сондай-ақ жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан көшбасшылар мен жастар ұйымдарының жетекшілерін қоғам алдында беделін көтерумен абыройын арттыру мақсатында жарияланады.

 

3. Өткізілетін уақыты мен орны

Жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі «Болашақ біздің қолымызда!» Республикалық жастар форумы аясында өткізіледі.

Өткізілетін уақыты:

2011 жылғы 3 желтоқсан.

Өткізілетін орны:

Тәуелсіздік сарайы.

4. Жастар сыйлығының үміткерлеріне қойылатын талаптар

4.1. Жастар сыйлығының иегері жеке тұлға - 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматы және қызмет ету бағыты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркелген заңды тұлға бола алады.

4.2. Байқауға қатысатын заңды тұлға кем дегенде 3 жыл қызмет етуі тиіс.

4.3. Бұрын болған Жастар сыйлығының иегері байқауға қайтадан қатыса алмайды.

4.4 Жастар сыйлығына үміткер бір уақытта бір номинацияға ғана қатыса алады.

4.5 Жастар сыйлығын алуға үміткерлер қоғамдық ұйым атынан және басқа да жеке тұлғалар ұсына алады.

 

5. Жастар сыйлығының атрибутикасы

5.1. Жастар сыйлығының символикасы, мүсіні жіне арнайы куәлігі болады.

6. Байқаудың басшылығы

6.1 Байқауға басшылық жасауды Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

6.2 Ұйымдастыру комитеттің құрамы мыналардан қалыптасады:

- «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ Атқарушы директоратының қызметкерлерінен;

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінен;

- Басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен.

6.3 Ұйымдастыру комитеті:,

- Осы ереже өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

- Үміткерлерді бағалау критерийлері мен жүйесін, байқаудың Сараптамалық комиссияның құрамын жасақтайды және бекітеді;

- Жастар сыйлығын тапсыруға үміткерлердің тізімін бекітеді;

- Байқаудың өткізілу тәртібін бекітеді;

- Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау тәртібін бекітеді;

- Байқауды өткізудегі күнтізбелік жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;

- Байқаудың қорытындысын бекітеді.

6.4 Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында Ұйымдастыру комитеті Жастар сыйлығына үміткерлерден қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

6.5 Сараптамалық комиссияның мүшелері мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен, білім, ғылым, зерттеу мекемелерінен, саясат, экономика, ғылым және өнер салаларындағы көрнекті тұлғалар болып табылады.

Сараптамалық комиссия мүшелерінің саны – 12 адам.

Байқаудың Сараптамалық комиссиясы:

Үміткерлердің Жастар сыйлығын алуға жолдаған материалдарына сараптама жүргізеді.

Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне төмендегілер бойынша ұсыныстар енгізеді:

- Байқаудың өткізілу тәртібі мен мазмұнына;

- Байқауға қатысушылардың құрамына, оның ішінде әр номинациялар бойынша;

- Байқаудың арнайы номинацияларына, байқауға қатысушылардың санының есебімен.

Негізгі және арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздардың тізімін жасақтайды, аталған тізімді Ұйымдастыру комитетіне бекітуге ұсынады.

7. Байқауды өткізу тәртібі

7.1. Байқауға мәлімдемелерді немесе сауалдарды келесі реквизиттер бойынша: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ, Ирченко көшесі № 31, 10 кеңсе немесе e-mail: kmk_kaz@list.ru жолдауға керек.

7.2 Байқауға мәлімдемелерді беру уақыты: 2011 жылғы 20 қазанды қоса есептегенде сағат 10.00-ге дейін.

7.3 Байқауға әлеуетті қатысушылар 25 қыркүйекке дейін Сыйлықтың өткізілу тәртібі бойынша қызықтырған сауалдарын, байқау өтінімін zhastar-premia@mail.ru электоронды поштасы арқылы рәсімдеу туралы сұрақтарын жібере алады.

7.4 Байқауды ұйымдастырушылар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нақты ережені www.zhastar.kz сайтында жариялайды.

8. Байқау мәлімдемелеріне қойылатын талаптар

8.1 Байқауға қатысуға жолданған мәлімдеме байқауға қатысатын әлеуетті қатысушының Осы ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға келісетіні жайлы білдіру үлгісі болып табылады.

8.2 Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткердің байқауға қатысуға жолдаған мәлімдемесінің мазмұны төмендегідей болуы тиіс:

  • Осы ереженің 1 қосымшасындағы үлгіге сәйкес мәлімдеме бірінші басшының қолы және мөрімен куәландырылған (заңды тұлғалар үшін), ал үміткермен толтырылған және қол қойылған (жеке тұлғалар үшін);
  • Осы ереженің 2 қосымшасына сәйкес байқаудың талаптарына сәйкестігін растайтын әлеуетті қатысушының ұсынатын құжаттар тізбесі.

8.3 Байқауға қатысуға жіберілетін өтінім байқау ұйымдастырушыларына мөр басылған конвертте ұсынылады. Конвертте «Жастар-2011» сыйлығы». Номинация «_______________». Жіберушінің байланыс мәліметтері болуы керек.

8.4 Байқауға қатысуға ұсынылған өтінімдер байқауды ұйымдастырушылардың өкілетті өкілімен күні мен уақыты көрсетілген байқауға қатысатын өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі.

8.5 Осы ережеде көрсетілген талаптарға сай емес өтінімдер қабылдауға және тіркеуге жатқызылмайды.

 

9. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

9.1 Байқаудың жеңімпаздары 2011 жылғы 25 қарашада Ұйымдастыру комитетімен www.zhastar.kz сайтында жарияланады.

9.2 Жастар сыйлығын тапсыру жөніндегі жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі «Болашақ біздің қолымызда!» республикалық жастар форумы аясында өткізіледі.

9.3 Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға шақыру хаты жіберіледі.


Байқауға қатысу туралы өтінім katysu_otinim.doc [177 Kb] (cкачиваний: 0)

Номинациялар бойынша талаптар treb_nom_kz.zip [168.28 Kb] (cкачиваний: 0)


 (голосов: 0)
 
Другие новости по теме:

  • 05.05.2010 Хабарландыру!
  • 05.11.2009 Назар аударыңыз конкурс!
  • Назар аударыңыз конкурс!
  • 22.04.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!
  • 29.10.2010 Назар аударыңыз конкурс!


  • Добавление комментария
    Ваше Имя:
    Ваш E-Mail:

    Код:
    Включите эту картинку для отображения кода безопасности
    обновить код
    Введите код:


    логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село