DataLife Engine > Азаматтық қоғам институттары > ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР
ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР20 марта 2009. Разместил: admin |
|
Облыста 60 ұлттық-мәдени орталықтары, 4 Достық үйлері (Өскемен, Риддер, Зырян және Шемонаиха қалалары). Аймақта ұлысаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру, диаспораларды қолдау, олардың тілдері мен мәдениетін қайта жандандыру жолында нақты жұмыстар жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысындағы ұлысаралық келісімді сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Барлық іс-шараларды мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан халқының кіші ассамблеясы және «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалы бірлесе өткізеді. Ұлысаралық, қоғамдық-саяси жағдайды талдау жұмыстары жолға қойылған. Бұл үшін ұлысаралық қатынастар мәселелері бойынша жыл сайын әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында нәтижелі қарым-қатынас орнату мақсатында Кіші ассамблея активімен бірге өзекті мәселелерді талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырыстары өткізіледі. Шығыс Қазақстан Кіші ассамблеясының өкілдері барлық қоғамдық маңызды іс-шараларға, соның ішінде мемлекеттік мерекелерге белсенді түрде қатысады. «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция; «Қазіргі Қазақстан: ұлтаралық келісімді сақтау тәсілі» республикалық дөңгелек үстел; Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» жылсайынға достық фестивалі; «Беловодье» халықаралық орыс фольклорының фестивалі; орыс өнерінің фестивалі; облыстық «Сабантой» мерекелерін өткізу 2008 жылдың маңызды шаралары болды. Өскемен, Семей, Шемонаиха және Риддер қалаларында ұлттық-мәдени бірлестіктер аясында 4 жексенбілік тіл үйрету мектептері жұмысын жалғастыруда. Украин мәдени орталығының «Коханя» ансамблі Астана қаласында өткен Қазақстандағы Украина жылына арналған балалар шығармашылығының республикалық фестиваліне қатысып қайтты. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде аймақтық БАҚ-да ұлысаралық қатынастар, ұлттық-мәдени оралықтардың қызметі, Шығыс Қазақстан кіші ассамблеясы туралы, мемлекеттік тілді меңгеру қажеттілігі, оның бірыңғай қазақстандық ұлт құрудағы рөлін арттыруға бағытталған материалдар үнемі шығып тұрады. «Рудный Алтай» газетінде «Достық Үйі» қосымшасы үнемі шығып тұрады. Ондағы “Ассамблея”, “Мова”, “Свитанок”, “Шаңырақ”, “Фатерлянд”, “Лехаим” сяқты айдарларда Шығыс Қазақстанды мекендеуші ұлыстардың тарихы, өнері, әдет-ғұрыптары жайлы материалдар шықты. Сондай-ақ, облыстық «Дидар» газетінде «Шаңырақ», «Достық Үйі» тақырыптық беттері ұйымдастырылған. Телеарналарда «Бір жанұяда», «Бір шаңырақ астында» тақырыптық бағдарламалары көрсетілуде. |