2009 жылдың 1- қыркүйегіне діни бірлестіктердің жалпы саны 330, оның ішінде әділет органдарында ресми тіркелгендері 325-ті құрады.
Облыста жетекші орындарды мұсылман бірлестіктері (163) және орыс православиелік шіркеулері (38) алады.
Ислам және православиеден басқа саны көп бірлестіктер қатарына
протестанттық христиан ағымдары кіреді: Інжіл Христиан-Баптистері
(35), Иегово куәгерлері (11), Жетінші күн адвентистері (6) және т.б.
Барлығы 77 бірлестік, олар 9 конфессияда көрсетілген.
Жаңа діндер деп аталатындардың құрамына 8 бірлестік кіреді – Бахаи
сенімі – 2, Кришна түсінігінің қоғамы – 3 және Саентология, Соңғы өсиет
шіркеуі және Орден истинарайсци бірлестігі.
Діни
бірлестіктердің қызметін саралау жұмыстары жүргізілуде. Оны ішкі саясат
басқармасы, әділет департаменті, қалалар мен аудандар әкімдіктері және
барлық деңгейдегі діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңестер
өткізеді.
Шетелдік миссионерлердің қызметімен танысу жұмыстары үнемі жалғасуда.
Облыс аумағында 7 шетел азаматы миссионерлер ретінде тіркелген.
2008 жылы шетелдік миссионерлер тарапынан заңбұзушылық әрекеттер тіркелген жоқ.
Өткен жылы облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс
жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілді. Кеңес жұмыстарына ішкі істер,
әділет департаменттерінің, білім басқармасының, Риддер қаласының,
Зырян, Бесқарағай, Көкпекті аудандарының діни бірлестіктермен байланыс
жөніндегі кеңестерінің өкілдері, дәстүрлі діндер жетекшілері қатысты.
Онда діни экстремизм идеяларының таралуын алдын алу және қалалар мен
аудандар әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі
кеңестердің жұмыстары талқыланды.
Ағымдағы жылы 23-қыркүйекте «Діни ахуалға мониторинг жасау, діни
экстремизм идеяларына қарсы тұру бойынша мемлекеттік органдардың
негізгі міндеттері туралы» облыстық кеңес болып өтті. Оған қалалар мен
аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің
меңгерушілері, бірқатар департаменттер және басқармалар жетекшілері,
құқық қорғау органдарының өкілдері және Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Діни істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Қ.Б.
Төлесов қатысты.
Діни
экстремизм идеяларының алдын алуға байланысты ішкі саясат басқармасы
әділет департаментімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. 2008 жылы
конфессияаралық және рухани келісімді нығайтуға және діни экстремизм
идеяларына қарсы бағытталған 6 көшпелі «дөңгелек үстел» отырыстары –
Риддер қаласында, Күршім, Үржар, Катонқарағай, Бородулиха, Зырян
аудандарында өткізілді.
2008
жылы тамыз айында ішкі саясат басқарамасының тапсырысы бойынша Талдау
және болжау институты «Шығыс Қазақстандағы діни жағдай» атты әлеуметтік
зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Облыстық
«Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде «мемлекеттік ішкі саясатты
ақпараттық қолдау» лотының негізінде ұлтаралық және конфессияаралық
келісім саласындағы саясатты таныстыру мақсатында мемлекеттік тапсырыс
орналастырылған. Баспасөз беттерінде «Толеранттылық түсінік
қалыптастыру, бүгінгі күнгі діни бірлестіктердің шынайы бейнесін
таныту, діни экстремизм және терроризм көріністерінің барлық түрлерінің
қауіптілігі» тақырыптарын жариялау үшін мемлекеттік тапсырыстар
орналастырылды. Осы бағытта «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының
ақпараттық-сараптау бағдарламары да қаржыландырылуда.
Сондай-ақ,
діни экстрмизм идеяларын алдын-алу мақсатында ҰҚК департаментімен
бірігіп, 800 мың теңгегеден астам қаражатқа «Хизб-ут-Тахрир – шынайы
Ислам емес» атты кітапшалар мен үнпарақтардың 15 мың данасы басып
шығарылды.
Өткізіліп
жатқан іс-шаралардың негізінде облыста ішкі және конфессияаралық
қақтығыс оқиғалары тіркелген жоқ. Жалпы діни жағдай тұрақты және
бақылауда болып қалуда.
Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. |