| |
 |
 |
 |
| АНАЛИТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАР |
1 мақала. Шығыс қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси жағдай
Билік пен қоғамның өзара әрекеттесуі әрқашанда үлкен маңызға ие. Бүгінгі таңда өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси жағдайды зерттеп, талдап алмай, болашаққа жоспар құру, болжамдар жасау, мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру мүмкін емес болып отыр. Қоғамымыз дамудың қай кезеңінде тұрғандығын білместен, облыстың экономикалық жағдайына қатысты объективті мәліметтерге ие болмастан, әлеуметтік шиеленіс деңгейі туралы ақпаратқа ие болмастан, алға жүру – іргетасын қаламай, бірден үй салумен тең. Республикада, оның ішінде ШҚО аумағында болып жатқан қоғамдық-саяси жағдайды тұрақты түрде талдап отыру өте маңызды. Мұндай мониторинг билік органдарын өңірде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси үрдістер туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік шиеленісті қадағалауға, аса өзекті мәселелерді анықтауға көмек көрсетеді, яғни, билік пен қоғам арасындағы сұхбатты қарапайым етуге және анағұрлым сындарлы болуына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде «ШҚО талдау және болжау институты» Шығыс Қазақстан облысының аумағында төрт жыл бойы зерттеу қызметімен айналысып келе жатқан аз ғана мекемелердің бірі, ол тек объективті, нақты, цензураға жатпайтын ақпарат беріп отырады. Осы уақыт ішінде көптеген зерттеулер жүргізіліп, көп мөлшерде жобалар жүзеге асырылды. Институт базасында жылына төрт рет өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың барлық аспектілері бойынша тереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оның әдістері; халық арасында сауалнама жүргізу, статистикалық мәліметтерді талдау, облыс әкімі қоғамдық көмекшілерінің арасында пікіртерім жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониотринг жүргізіп отыру. Мұндай зерттеулердің тұрақтылығы қоғамдық-саяси жағдайдың қозғалысын қадағалап қана қоймай, ол үрдістерге болжам жасауға, саяси бағыттың әлсіз жерлерін реттеп, анықтауға мүмкіндік береді.
Тек біздің республикамызда ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық басынан өткеріп отырған экономикалық жағдайдағы қиындық пен тұрақсыздыққа қарамастан, азаматтардың қалыптасқан қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайға баға беруіндегі жағымды қозғалысты атап өту қажет. Атап айтсақ, 2009 жылғы қоғамдық-саяси жағдайға жүргізілген мониторингінің төрт өлшемінің мәліметтеріне сәйкес халықтың Шығыс Қазақстан өңірінің әкіміне деген сенімі және оның қызметінің тиімділігін бағалау деңгейі артқан. Н. Ә. Назарбаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызметі туралы азаматтардың ақпараттануында жағымды беталыс байқалған. Облыстағы этносаралық жағдай да жағымды сипатқа ие.
Алайда, қоғамдық-саяси жағдайға баға беру қозғалысындағы жалпы жағымды беталысқа қарамастан, оған деген теріс көзқарастар да орын алып отыр.
Бұрынғысынша, азаматтардың пікірінше, аса өзекті, мәселелі сұрақтардың қатарында төмендегілер қалып отыр:
• Сыбайлас жемқорлық, билік органдарындағы жұмыс бабын пайдалану;
• Медициналық қызметтің төмен сапасы;
• Бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен азық-түлік бағасының күрт өсуі;
• Экология жағдайы, қоршаған ортаның ластануы.
Мұндай қозғалыс көші-қон үрдісінде де қалыптасып отыр: жақын арада Ресей Федерациясы аумағына тұрғылықты көшуді жоспарлап отырған шығысқазақстандықтардың саны жыл басынан бері бес есе артқан. Зерттеу барысында халықты ұлттық белгісіне қарай кемсіту және тіл мәселесіне қатысты мазасыздығының азайғандығы анықталғанымен, Ресейге көшудің басты себептері болып «тіл мәселесі», «ұлттық белгісіне қарай кемсіту», «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері», «балаларға деген болашақтың жоқтығы» аталған. Қыс уақыты көшуге қолайсыз уақыт екендігін ескере отырып, Ресейге көшуге ниет білдіріп отырған азаматтар санының артуы облыстағы ішкі мәселелер мен экономикалық жағдайлардан гөрі Ресей азаматтығын алудың ықшамды формасының күші жойылғандығымен де байланысты болуы мүмкін.
2009 жыл Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы Республика үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қоғам үшін де қиын жыл болғанын айтып өту керек. Экономикалық дағдарыс өмірдің барлық саласындағы өзекті мәселелерді одан ары ушықтырып, анықтап берді. Соған қарамастан, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саяси-экономикалық реформаларды қолдайтындықтарын көрсеткен. Осыған орай дағдарысты жеңіп, халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саяси желісі табысты болып, нақты нәтижелерге жеткізді. Әрине, бірқатар мәселелер әлі де өзектілігін жойған жоқ, оларды шешу жолы алда, алайда қазірдің өзінде облыстағы жағдайдың нақты бір дәрежеде тұрақталғандығы туралы айтуға болады.
2 мақала. Бағалар қозғалысы: халықтың пікірі
Бағаның өсуі – посткеңестік кеңістіктегі адамдар өмірінің айнымас белгісі. Ол үнемі біздің туыстармен, достарымызбен, таныстарымызбен эмоционалды әңгімелесу барысында көрініс тауып отырады. Алайда қатардағы азаматтардың бағаның өсу себептері мен бұл құбылыспен күресудің мүмкін жолдары туралы ақпараттануы әдетте осы жақын адамдардан алған мәліметтер шегінен шықпайды. 2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында «ШҚО талдау және болжау институты» «Бағалар қозғалысы: халықтың қабылдауы» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді, ол бағаның өсу себептері, оның шығысқазақстандықтардың өміріне әсері, сондай-ақ бұл үрдісті тежеу бойынша қолдан келген шаралар мен өңірдегі экономикалқ жағдайдың жақсаруына қатысты облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы тұрғындардың пікірін көрсетеді.
Институт «Бағалар қозғалысы: халықтың қабылдауы» әлеуметтік зерттеуін жүргізді. Алынған мәліметтер негізінде жалпы облыс бойынша азаматтар қалыпты тұрмыс деңгейін ұстауға мүмкіндік беретін табысқа ие болып отырған жоқ деген қорытынды шығарылып отыр. Шығысқазақстандықтардың 41,1% айлық отбасылық табысының мөлшері 130 000 тг. артық болғанын қалайды. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (53,9%) өз табыстарын «орташа» деп бағалайды. Бұл ақшамен көрсеткенде бір айдағы отбасының 30 000 - 70 000 тг. аралығындағы табысы. Егер отбасында 1 ғана адам болса, бұл ақша қажетті тауарларды сатып алуға толығымен жеткілікті, ал отбасында екі, үш немесе одан да көп адам болса – мұндай отбасының материалдық жағдайын қиын деп айтуға болады. Шығысқазақстандықтардың көпшілігі 2009 жылы тауарлар мен қызметтердің бағасы азаматтардың табысымен салыстырғанда өсті деп мәлімдейді. Халықтың пікірінше, бағаның өсуі адамдардың жалпы тұрмыс деңгейінің төмендеуіне, әсіресе белгілі табыс көзіне ие, яғни, зейнеткерлер, студентттер, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. тұрмысының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
Шығысқазақстандықтардың көпшілігіне 2009 жылдың екінші жартысында қаражат жинау қиынға соғып отыр. Облыс халқының жартысына жуығы анағұрлым арзан азық-түлік сатып алуға мәжбүр, азаматтардың үштен бірі киім сатып алуда шектеу қоюларына тура келіп отыр. Бағаның өсуі отбасылық айлық табысы 30 000 теңгеге дейінгі адамдардың тамақтану рационына түбегейлі әсер етті, олар бірқатар азық-түліктен мүлдем бас тартуға мәжбүр. Тамақтану рациондарында ет, балық және сүт өнімдерін пайдалануда жұмыссыздар мен зейнеткерлер де ерекше шектеу қойып отыр. Тамақтануда аз қамтылған адамдар да бірқатар шектеулер жасап отыр, ал ауқатты азаматтардың 40% (отбасылық табысы 110 000 теңгеден жоғар) негізгі азық-түлік тауарларын тұтынуы артқан.
Азық-түлік бағасының өсу себептерінің арасында басты себептер ретінде сауалнамаға қатысқандар ауыл шаруашылығын өндірушілер елді мекендерде делдалсыз өз тауарларын базарға шығарып сату мүмкіндіктерінің жоқтығы және алып-сатарлар тізбегінің өскен деп атап өткен. Яғни, халықтың пікірінше, баға деңгейін тұрақтандырудағы кедергілер өндірісте емес, сауда саласында болып отыр. Біз кеңестік заманның директивалы экономикасынан нарықтық экономикаға көшкеніміз белгілі. Бұрын тауарлар мен қызметтердің бағасын мемлекет белгілейтін, ал қазір көп жағдайларда өндірушілер мен алып-сатарлар өз өнімдерін сататын бағаны өз бетімен белгілейді. Ерікті бәсекелестік жағдайында сатушылар тауарларды бәсекелестерге қарағанда көбірек сатып, одан көбірек кіріс алу үшін шығындары мен бағаны барынша төмендетуге тырысуы керек деп есептеледі. Және де барлық үрдіс мемлекет бақылауымен жүргізіліп, қажет болған жағдайда мемлекеттің кірісуін қарастырады. Міне, осы кезде жарияланған нарықтық экономика жағдайында жергілікті сатушы-алып сатарлар өз тауарларын анағұрлым төмен бағаға сататындарды негізгі тауар алаңдарына жолатпай, азық-түлік бағасын көтеруге, бағаның жалпы деңгейін ұстауға құқылы. Сатушылар мереке кездерінде азық-түлік бағасын көтеріп, кейіннен төмендетпей ұстап тұрулары мүмкін, бұл бағаның үнемі өсуіне әкеп соғады.
ШҚО қалыптасып отырған жағдайдан көргеніміз, мемлекет сатушылар арасында еркін бәсекелестікті қамтамасыз ете алмай отыр немесе қажетті жерлерде бағаны белгілеуге шамасы жетпейді. Біз облыс әкімінің тауардың үстеме бағасына 10% дейін шектеу бойынша жариялаған өкімі туралы білеміз, алайда азық-түлік тауарларының бағасы өсуін тоқтатар емес. Сонымен қатар «демалыс күндер жәрмеңкесі» ұйымдастырылған болатын, онда ауыл тұрғындары өз өнімдерін анағұрлым төмен бағаға тікелей сатуға мүмкіндік алған. Алайда БАҚ ақпаратына сүйенсек, («Мой город» газеті, 2009 жыл 10 желтоқсан) ол жерлерде де алып-сатарлар пайда болған, олар әрине қымбатырақ сатуға тырысады және сол арқылы жәрмеңкедегі бағаның жалпы деңгейін көтереді. Әкімдік бұл сауда орындарында бағаны бақылауға тырысады, бірақ тексеруші органдар жәрмеңке алаңынан кетсе болғаны, сатушылар бағаны базар бағасына дейін көтеріп жібереді екен («Рудный Алтай» газеті, 2009 жылғы 29 қаңтар).
Азық-түліктен басқа шығысқазақстандықтар барлық негізгі тауарлар мен қызмет бағасының өскендігін атап өткен: киім, аяқ киім, қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы, жуу-тазалау заттары, білім беру, компьютерлік, тұрмыстық техника, жиһаз, автокөлік, жылжымайтын мүлік және т.б.
Ірі заттарды сатып алуды жоспарлап отырған адамдардың саны, мысалы, жылжымайтын мүлік, көлік, жиһаз, тұрмыстық техника немесе сән-салтанат заттарын сатып алатындар саны облыс тұрғындарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайды. Мұндай сатып алулар үшін шығысқазақстандықтар банктерден жиі несие алуға мәжбүр. Қазіргі кезде облыс тұрғынадырының 38% несиелік міндеттері бар, ал олардың жартысынан көбі 2009 жылдың екінші жартысында несиелік міндеттерді орындау қиындап кеткендігін атап өткен. Несие төлеудегі қиындықтар бағаның өсуімен байланысты екендігі сөзсіз. Азаматтар несие төлеуге арналған қаражаттарының бір бөлігін қымбаттап кеткен азық-түлікке, киімге, коммуналды қызметке, білім алуға және т.б. жұмсауларына тура келеді.
Мемлекет азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және коммуналды қызмет бағасының өсуіне барынша тиянақты қарауы тиіс. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, шығысқазақстандықтар өздерінің тамақтану рациондарын қысқартуға мәжбүр болса, коммуналды қызмет ақысы мен оқу ақысын төлей алмайтын болса, өз наразылықтарын білдіруге әзір. Жоғарыда аз қамтылған отбасылары қазірдің өзінде бірқатар азық-түлік түрлерін сатып алуға шектеу қойып отырғандығын атап өттік, ал дәрі-дәрмек бағасы барған сайын өсіп келеді. Мемлекет «Шығысэнерготрейд» ЖШС жеке тұлғалар үшін электр қуатының тарифін көтеруге деген әрекетін әрең тежеп отыр. Зерттеу көрсетіп отырғандай, дәрі-дәрмек пен коммуналды қызмет бағасының өсуін шығысқазақстандықтар ең алдымен биліктің тиімсіз жұмысының нәтижесі деп біледі. Халықтың жиырма пайызға жуығы аудандардың/облыстың әкімі бағаны тежеу бойынша ешқандай шара қолданып отырған жоқ деп есептейді, ал шығысқазақстандықтардың қырық пайызы мемлекеттік органдардың қолданып отырған шаралары туралы мүлдем хабары жоқ. Азаматтардың мұндай аз ақпарат алуы бағаның бұдан арғы өсуімен бірге облыста наразылық әрекеттерін тудыруға әкелуі мүмкін. Бағаның өсуінен туындап отырған митингілер, аштық жариялау, темір жолдар мен автокөлік трассаларын бөгеу Тарбағатай аданы мен Семей қалаларында анағұрлым ықтимал, ал Шемонаиха және Бородулиха аудандарында ықтималдығы одан сәл төмен.
Соңғы бірнеше жыл бойы бағаның өсуін экономикалық дағдарыспен байланысырады, ал ел басшылығының сөзіне қарағанда, біз ол дағдарыстан шығып келеміз. Экономикалық жағдайдың жақсаруын облысымыздың тұрғындары негізінен мемлекеттің жергілікті кәсіпорындарды қолдауымен, сонымен қатар шетелдік инвестицияларды тартумен байланысты деп көрсетеді. Азаматтардың пікірінше, мемлекеттің қолдауы мен шетелдік капитал салымдарына ең алдымен металлургия, тау-кен өндіру кәсіпорындары, сондай-ақ ауыл шауаршылығы зәру болып отыр. Жауаптардың сан қырлы болуы бұл кәсіпорындар ШҚО әл-ауқатын қамтамасыз етіп отырғандығымен, ал жергілікті ауыл шаруашылық өндірушілер халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырғандығымен байланысты болуы мүмкін.
Алайда, облыс кәсіпорындарының дамуы бағаның өсуіне тосқауыл бола ала ма? Бәлкім, ШҚО әл-ауқатының артуы ауқатты адамдарды одан әрі байытуы мүмкін, ал «кедей» халықтың өмірі аса өзгере қоймасы анық. Біз пайдалы қазбаларға бай және бірқатар өндірістік алып кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған өңірде тұрамыз, жалпы алғанда облыстың экономикалық жағдайын дағдарысты деп айту қиын. Соған қарамастан, шығысқазақстандықтардың аз қамтылған бөлігі соңғы кездері азық-түлік, киім сатып алуда көптеген қиыншылықтарға тап болып отыр, ал ауқатты адамдардың тауарлар мен қызмет ақысын төлеу үшін барған сайын қаражаты артып отырғандығын зерттеу көрсетіп отыр.
Қорытындылай келе, облыс басшылығы облыс базарларындағы, дүкендеріндегі, жәрмеңкелеріндегі жағдайды мұқият қадағалап отыруы тиіс деп түйіндеуге болады. «Бағаға сөз байласып алуға» жол бермеу үшін және сатып алушылар арасында үстеме бағағны шектеуді орындау шартын қоя отырып, еркін бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін сауда саласын қатаң бақылауға алу қажет. Облыстың жер қойнауын пайдаланудан түскен қаржыны шығысқазақстандықтар арасында біркелкі бөлу қажет. Бәлкім, облыс басшылығы мен кәсіпорындардың басшыларына Қазақстанда дамып келе жатқан «Өндіруші салалардың ашықтық бастамасына (EITI)» назар аударуы қажет болар. Сонымен бірге, Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті тарифтерді негізсіз өсіруге жол бермеу және жақын арада орын алған электр жарығын өшіру сияқты «коммуналды бейберекетсіздіктердің» алдын алу үшін коммуналды қызмет тарифтеріне қатысты мәселелерді барынша мұқият қарастырғаны абзал.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
Өткен зерттеулер13.05.2011 Қоғамдық кеңес: халық мүдде ...17.02.2009 Шығыс Қазақстан облысының әкімі к ...2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...07.12.2010 Бюджет ашықтығы жайлы бірер сөз
|
| | Просмотров: 561 | Категория: Информация на сайте » Талдау және болжау институты » Қызметінің басты | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|