www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Информация на сайте » Талдау және болжау институты » Қызметінің басты бағыттары » «Шығыс» баспасөз орталығы
«Шығыс» баспасөз орталығы


       ШҚО талдау және болжау институтының базасында «Шығыс» баспасөз орталығы жұмыс істейді. Өзіміздің ұйымдастыруымызбен және басқа да ұйымдардың тапсырыстарымен әртүрлі форматтағы және тақырыптардағы іс-шаралар өткізіледі.
       2009 жылдың қаңтар айынан қарашаға дейін Талдау және болжау институтының базасында 200-ге жуық әртүрлі сипаттағы іс-шаралар өткізілді (дөңгелек үстелдер, отырыстар, жұмыс кездесулері, семинарлар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер), оларға мемлекеттік құрылымдардың, бизнес құрылымдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері  (3000-ға жуық адам) қатысты. Бұл бағыттағы қызметтің нәтижелі жүзеге асуының тиімділігін Институт базасында ҮЕҰ мен қоғам өкілдерінің, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, Глобал Монитор қоры,  ЦАГС ҚБ қоры, Сорос Қазақстан қоры,  Каунтерпарт Интернешнл) бастамаларымен өткізілген әртүрлі форматтағы және тақырыптардағы кездесулердің қорытындыларынан көруге болады. 

       Патриотизмді дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Олар ҚР Президентінің халыққа Жолдауы, ҚР Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттік нышандарды насихаттауға бағытталған және т.б. іс-шаралар.
       Бүгінгі таңда бөлім азаматтық қоғам жетекшілерімен де, облыс тұрғындарымен де тығыз байланыс жасап отырады. ШҚО талдау және болжау институты ҮЕҰ, жастар ұйымдарының, Қоғамдық кеңестің, саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың өкілдеріне ақпараттық-техникалық қолдау көрсетеді.
       Саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ жастар ұйымдарының мәлімет қоры құрылған. Қазіргі таңда Институтта ҮЕҰ мен Қоғамдық кеңеске ақпараттық-техникалық қолдау көрсетуге қажетті барлық ресурстар бар. Азаматтық қоғам өкілдері тұрақты түрде ақпараттық-техникалық көмек сұрап келетіндіктерін атап өткен жөн.

       Бөлім қызметінің нәтижесі:

       Өңірдегі алдыңғы қатарлы саяси күштердің жетекшілері мен сарапшылар Саяси клубтың аясында «Өскемен – заманауи қала» бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін ұсынымдар әзірледі.
-    Өскемен қаласының архитектуралық келбеті бойынша ұсынымдар берілді;
-    ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңесте экология мен медицинаның аса өзекті мәселелерін көтерілді;
-   Тұрғын үй мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылып, оның жұмысының нәтижесінде ТКШ саласындағы 2009-2011 жылдарға арналған жұмыс жоспары жасалды;
-    Әлеуметтік қайшылықтар мен шиеленістер туындаған жағдайды талқылау және бірлесе отырып шешім қабылдау бойынша жұмыс тобының мүшелері жеңілдікпен неисе алу туралы халыққа ақпарат беру жайында сұрату жасалды;
-     Қоғам өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси жағдайы туралы облыстың саяси партиялары, алдыңғы қатарлы ҮЕҰ жетекшілері арқылы хабардар болып отыр;
-    ШҚО ҮЕҰ Форумының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді;
-    ҮЕҰ ұйымдастыру-техникалық көмек көрсетіледі (іс-шаралар өткізуге ғимарат ұсыну, орг. техника);
-    ҮЕҰ қызметі туралы ШҚО, Өскемен қаласы әкімдерінің сайттарында, баспа БАҚ-та мақалалар жариялау;
-    Өңірдің саяси күштері жетекшілерінің ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын, «Жол картасының» жүзеге асырылуын  талқылауға мүмкіндіктері бар.

       Егер Сіз ШҚО талдау және болжау институтының базасында өзіңіздің іс-шараңызды өткізгіңіз келсе, 8/7232/ - 57-89-56, 57-76-51 телефондары арқылы, сонымен қатар  analitik_vko@rambler.ru электронды жәшігі арқылы хабарласа аласыз.

 
Другие новости по теме:

  • «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры
  • Ұйымдастыру-техникалық көмек
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
  • 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
  • Жұмысты техникалық қамтамасыз ету


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село