«ШҚО
талдау және болжау институты» төрт жылдан астам уақыт бойы БАҚ
түсіндірулеріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың объективті динамикасын
көрсететін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізіп келеді.
Сондай-ақ мониторинг нысанын сандық және сапалық жағынан тереңдетіп
зерттеуге бағытталған тақырыптық мониторинг жүргізіледі, мысалы,
жергілікті атқарушы биліктің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың,
денсаулық сақтау салаларының және т.б. бейнесін анықтау.
Қарастырылатын тақырыптардың тізіміне сіздің сұраныстарыңызға сәйкес түзетулер енгізуге болады.
Мониторинг
нысаны: 26 республикалық газет, 11 облыстық және 19 аудандық ауқымдағы
баспа басылымдар, 10 электронды республикалық және облыстық БАҚ болады.
Осы саладағы жинақтаған тәжірибесіне байланысты «Талдау және болжау
институтының» облыстың әрбір қаласы мен ауданындағы мониторинг нысаны
туралы жарияланған материалдарды қадағалауға теңдессіз мүмкіндіктері
бар, бұл БАҚ материалдарына сәйкес қажетті сала туралы толық түсінік
алуға мүмкіндік береді.
Республикалық,
облыстық және аудандық БАҚ контент-талдауының негізінде ай сайынғы
аналитикалық есеп берілетін болады. Аналитикалық есеп мәтіндік
ақпараттан басқа нысанның динамикасы, оның жеке сипаттамалары туралы
көрнекі ақпарат беретін графикалық сызбалардан тұрады. БАҚ түбегейлі
талдау жасау берілген тақырып бойынша жарияланған мақалаларына қарай
алдыңғы қатарлы БАҚ анықтауға, жарияланымдар санының динамикасын
түсінуге, журналистердің материалды беру сипатын анықтауға мүмкіндік
береді.
«Талдау
және болжау институты» қызметкерлерінің жинақтаған тәжірибесі мен
кәсібилігі сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім әзірлеп шығаруға
мүмкіндік береді, оның талдау нәтижелері мониторинг нысанының
жағдайындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының бақылап отырған
өзгерістеріне уақытылы, барабар әрекет етуге ықпал етеді. |