www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Бақтиярова Ә.К.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Информация на сайте » Мемлекеттік рәміздер » Шығыс Қазақстан облысы әкiмi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөніндегі комиссия туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөніндегі комиссия туралы

Шығыс Казакстан облысы  әкiмдігінің
                                                                      200_ жылғы «__» _________
                                                                      № _________қаулысымен
                                                                      беiтiлген

 

Шығыс Қазақстан облысы әкiмi жанындағы мемлекеттiк нышандар
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. Облыс әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөніндегi комиссия (бұдан әрi – Комиссия) мемлекеттiк нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес мемлекеттiк стильдi қалыптастыру және оларды колдану iс-тәжiрибесiн қорыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Облыс әкiмi лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

4.Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына құрмет қатынастарын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын насихаттау және қолдану мәселелерi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;
3) мемлекеттiк бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық белгiлердi жасау және енгiзу жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
4) Қазақстан Респуликасының мемлекеттiк нышандарын қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

 


3. Комиссияның өкiлеттiлiгi

5. Осы Ережемен анықталған міндеттердi iске асыру үшiн Комиссия:
1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану жөнiндегi мәселелердi шешуде консультациялық көмек керсетедi;
2) мемлекеттiк бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық белгiлердi жасаудың және енгiзудiң әлемдiк тәжірбиесiн зерделейдi және Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
3) облыс аумағында ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде мемлекеттiк нышандарды қолданудың рәсiмдiк ережелерiн әзiрлеуге қатысады;
4) мемлекеттiк нышандарды насихаттау және мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жетiлдiруге бағытталған зерттеулердi жүргiзуге бастамашылық жасайды;
5) геральдикалық белгiлер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;
6) Комиссия кұзыретiне кiретiн мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн карайды;
7) Комиссия өз өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру кезiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да мүдделi ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.
6. Комиссия:
1) өз құзыретi шеңберiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделi ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажеттi ақпаратты және өзге де материалдар мен мәлiметтердi сұрауға және алуға;
2) өздерiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін орындау жөнiнде жүргiзетiн жұмыстары туралы тыңдауға;
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын насихаттау және қолдану мәселелерi бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн өкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру жүргiзуiне бастамашылык жасауға;
4) Қазакстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегiнде және сол қаражат есебiнен мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану мәселелерi жөнiнде кең ауқымды акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжiлiстер өткiзуге;
5) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияға, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге Комиссия қызметiнiң нәтижесi болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
6) Комиссия құзыретiне жататын сараптамалық талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн сараптама кеңесiн құруға құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерiнен тұрады.
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.
9. Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияға жалпы басшылық етудi жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалык етедi;
2) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметi туралы тұрақты түрде хабардар етедi және оған мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдануы жөнінде жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) Комиссияның сараптама кеңесiнiң құрамын бекiтедi;
4) Комиссия мүшелерi арасында тапсырмаларды бөледi;
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзiнiң атына келiп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
7) Комиссияның жұмысын жетiлдiру және оның құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын қарайды;
8) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн анықтайды.
10. Комиссия төрағасының орынбасары:
1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзедi;
3) Комиссия отырыстарын дайындау үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады;
4) Комиссия төрағасының келiсiмiмен Комиссия хатшысына немесе мүшелерiне Комиссия құзыретiне кiретiн меселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарауға жiбередi;
5) Осы Еережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
11. Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры лауазымы бойынша Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
12. Комиссияның мүшелерi:
1) халық арасында мемлекеттiк нышандарға құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседi, мемлекеттік нышандарды насихаттауға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебiнен насихаттауға қатысады;
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
4) Комиссия құзыретiне жататын меселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;
5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажетті материалдар алады,
6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға қосымша берiлетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
13. Комиссияның жұмыс органы Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті болып табылады:
Жұмыс органы:
1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерiнен қалыптасатын сараптама кеңесiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк нышандарды қолдану және насихаттау мәселелерi қарауына жататын облыс әкiмi аппаратының лауазымды тұлғаларына әдiстемелiк көмек көрсетедi;
3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеудi, мемлекеттiк нышандарды қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетiлдiру жөніндегі ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;
4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделi ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсiндiредi және жолдайды;
5) бұқаралық ақпарат құралдарымен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметiн жариялау жөнінде өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өтiнiм бiлдiрушiлерге олар енгiзген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
8) Комиссия мүшелерiнiң Комиссия жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын қорытады;
9) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделi ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзедi;
10) iс жүргiзуге жауап бередi, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткiзудi жүзеге асырады.
14. Комиссия отырыстарын қажеттiне қарай, жылына кемiнде екi рет Төраға шақырады.
15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерiнiң жартысьнан көбi қатысқан болса заңды деп саналады.
16. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комисия Төрағасының – облыс әкiмiнiң өкiмiмен ресiмделедi.
17. Шешiмдер оның отырысына қатысушылар санының кемiнде үштен екiсiнiң дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссия отырысына төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.


Шығыс Қазақстан облысы
ішкі саясат департаментінің директоры      Т. Түсіпбеков

 

 


 (голосов: 0)
 
Другие новости по теме:

  • 15.02.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС!
  • Басқарма басшылығы
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқ ...
  • Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ...
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы


  • Добавление комментария
    Ваше Имя:
    Ваш E-Mail:

    Код:
    Включите эту картинку для отображения кода безопасности
    обновить код
    Введите код:


    логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    Ұлы Жеңіске 65 жыл
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село