www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Информация на сайте » Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов




Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!





Қазақстан Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiне арналған нормативтiк актiлер
 


Шығыс Қазақстан облысы әкiмi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөніндегі комиссия туралы
 
1. Жалпы ережелер

1. Облыс әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөніндегi комиссия (бұдан әрi – Комиссия) мемлекеттiк нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес мемлекеттiк стильдi қалыптастыру және оларды колдану iс-тәжiрибесiн қорыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультациялық кеңесшi орган болып табылады.

Толығырақ...


Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссияның
 
Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссияның 2010 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ
скачать: 2010-kaz.zip [13.26 Kb] (cкачиваний: 12)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ. Нысаны, өлшемдері жəне техникалық талаптар 
скачать: standart-gerb.pdf [428.47 Kb] (cкачиваний: 75)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ. Жалпы техникалық шарттар 
скачать: standart-flag.pdf [1.25 Mb] (cкачиваний: 60)


логин :    
 
пароль :    
 
     
Тіркелу | Парольді еске салу?
Социологиялық сауалнама
Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

Иә, басқа облысқа
Иә, Ресейге
Иә, алыс шетелге
Жоқ, жоспарымда жоқ
 
Ақпараттық банерлер
Послания Президента РК
20-летие Независимости Казахстана
X Жастар форумы
Официальный сайт Президента РК
Сайт электронного Правительства РК
Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
Отчеты Управления внутренней политики ВКО
Социологические исследования
Жемқорлық тоқта
ЕВРАЗЭС
Если вы потеряли работу
Учись управлять своими деньгами
В помощь PRопагандисту
Новая индустриализация
Әлеуметтік тапсырыс
С дипломом в село