DataLife Engine > Мемлекеттік мейрамдар > Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 22 сәуiрдегi N 152-IV Заңы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 22 сәуiрдегi N 152-IV Заңы27 мая 2009. Разместил: admin |
|
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 22 сәуiрдегi N 152-IV Заңы "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 25 сәуiр N 147 (25544); "Казахстанская правда" от 25.04.2009 г., N 109 (25853) 1-бап. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 316-құжат; 2008 ж., N 10-11, 40-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 3-бапта: төртiншi абзацтағы "22" деген цифрлар "21-23" деген цифрлармен ауыстырылсын; тоғызыншы абзац алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев |