www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » 16.10.2009 Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы қарсаңында
16.10.2009 Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы қарсаңында
alt       Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 14 жыл толды.
       1995 жылғы 1 наурызда Елбасы қол қойған «Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан жаңа консультативтік-кеңестік орган құрылған болатын.
       1995 жылдан бастап, Ассамблея этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы маңызды институт ретінде бағаланып, елімізді мекендейтін барлық этностардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды.
       Құрылған он төрт жылдан бергі уақытта аталған құрылым этносаралық келісім саласында айтулы табыстарға жетіп, азаматтардың этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан, құқығы мен бостандығын сақтаудағы басты кепіліне айналды.
       Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді әрі жемісті іс-әрекетінің арқасында еліміздегі этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында бейбітшілік пен келісім үлгісі сақталды. Ал Ассамблея қанатының астына 130-н астам этностың жиналуы аталған ұйымның «кіші БҰҰ» деп аталуына себеп болуда.
       Алдағы уақытта Қазақстанның беделді еуропалық ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай, еліміздің этносаралық қатынастар саласында жинақтаған тәжірибесі, әртүрлі халықтар арасындағы мәдени пікір алмасу алаңы ретінде қолданылады деп күтілуде.
       Ассамблеяның жаңа конституциялық өкілеттілік пен мәртебеге ие болуы, сонымен қатар, Ассамблеяның атынан Парламент Мәжілісіне 9 депутаттың сайлануы Қазақстан қоғамында еліміздің мемлекет пен қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадамы ретінде бағаланып, әлемдік қауымдастық тарапынан Елбасы Н.Ә. Назарбаев негізін қалаған этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі деп мойындалды.
       Қазақстанды мекендеп отырған этностардың мәдениетін, тілі мен дәстүрін дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда этномәдени бірлестіктердің саны 600-ге жетсе, оның ішінде 28-і республикалық болып табылады.
       Ел аумағында 11 тілде газет пен журнал жарық көріп, 8 тілде радиохабар, 7 тілде телебағдарламалар таратылады. Өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде толықтай білім беретін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этнос тілінде қосымша сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, 195 арнайы лингвистикалық орталықтар ашылып, онда 30-ға тарта этнос тілін үйренуге мүмкіндік жасалған. Елімізде қазақ және орыс драма театрларымен қатар, өзбек, ұйғыр, корей және неміс ұлттық театрлары жұмыс істейді.
       2008 жыл Ассамблея үшін маңызды жыл болды. 20 қазанда Елбасы әлемнің ешбір елінің тәжірибесінде жоқ «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойып, Қазақстан халқы Ассамблеясын еліміздің саяси жүйесіндегі тең құқықты заңды субъект түрінде бекітті. Қабылданған заңға сәйкес, Ассамблея құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы және облыс ассамблеялары (республикалық маңызға ие қалалар, астана) құрайды.
       Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қазанда өткен Ассамблеяның ХІV сессиясында берген тапсырмасына сәйкес, аталған құрылым жанынан тұрақты әрекет етуші Ғылыми-сараптық кеңес, Этносаралық келісім қоры құрылды. Сонымен қатар, Төрағаның орынбасарларының саны мен тағайындалу тәртібі өзгертілді. Жаңа тәртіп бойынша, Ассамблея Төрағасының екі орынбасары республикалық этномәдени бірлестік өкілдерінен тағайындалып, жыл сайын өзгертіліп отырса, біреуі – Ассамблея Хатшылығын басқарады.
       Аталған бағытта қабылданған шаралар Ассамблеяның оң бағытта нығаюына септігін тигізіп, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы ортақ мақсаттарын бірлесе орындауға, халық бірлігін еселеуге және бейбітшілік пен келісімді сақтауға өз үлесін қосады.

 
Другие новости по теме:

  • 19.05.2010 Жастарды Ассамблея жұмысына қалай тартуға бол ...
  • 30.04.2009 Этномәдени бірлестіктердің республикалық конф ...
  • ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
  • 12.03.2008 «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село