Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
Қадірлі отандастар!Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!Ханымдар мен мырзалар!
Биыл – біз үшін ерекше
қастерліжыл. Біз ел тәуелсіздігінің
20жылдығынақадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнгежеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар,
1997жылғы халыққа
алғашқы Жолдауымдамен былай деген едім:
«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз
33 жылда емес,
бір мүшелжастағана жеттік!
Күні кеше Астанада
56елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан
Саммит– соның айшықты айғағы.
Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған
әлемдегі үш елдің біріболдық.
Осы жылдары шет елдерден
800 мыңнанастам отандасымыз келіп, халық саны
бір жарым миллионғаартты.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен
Астанасалдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі
Елордақондырдық.
Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде
60 миллиард долларға жуық қаржынықұрайды.
Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына
120 миллиард доллардан астамшетелдік инвестиция тартылды.
Сонымен қатар біз әлемнің
126еліне
200-ден астамөнім түрін шығарамыз.
Бүгінде
ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігішағын және орта бизнестен құралады.
Ауыл шаруашылығысаласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі
2010жылы
7 пайыз,өнеркәсіп өндірісі –
10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі
19 пайыз мөлшерді құрады.
Орташа айлық жалақы
2007жылғы
53 мыңнан2010жылы
80 мыңтеңгеге дейін артты.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөніненәлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы
26 сатыға ілгерілеп,
110ел арасынан
50-ші орынға көтерілді.
Біздегі орташа айлық жалақы
5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі
4 есегекөбейді.
Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.
Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.
Тәуелсіздік жылдарында
500-гежуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.
Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.
Еліміз білім беру ісін дамытуда
129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.
Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат
10 есегекөбейді. Осы жылдары
750жаңа мектеп салынды.
Толығырақ...